×

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылады

Асық пішінінде жасалған таблоның биіктігі – 2 метр

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2024 | 16:52
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Ертең V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 171 күн қалғанда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында жарысқа қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасы ресми түрде іске қосылады. Асық пішінінде жасалған таблоның биіктігі – 2 метр.

Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қалысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркиядан арнайы келген Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Құрманбек Тұрғынбек бастаған Қазақстан құрамасы және америкалық ковбой Лэдд Хауэлл бастаған АҚШ көкпаршылары қатысады.

Іс-шара сағат 11:00-де Мәңгілік ел көшесі, 53/1 мекенжайында орналасқан EXPO халықаралық көрме орталығында басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама