×

«Наурызнама»: Астанада ұлттық ойындар көрсетіледі

Мерекелік іс-шарада қыз қуудан да көрсетілім болады

 Дастан Жұмабекұлы 19.03.2024 | 10:18
Фото: Ақорда

20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында Астанадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы мен Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді.

Мерекелік іс-шарада көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған.

Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама