×

18 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

 Халық үні 18.03.2024 | 07:33
Фото: 123ru.net

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, батыста - көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама