×

Қызылорда облысында «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобасы өтті

Акция ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған

 Динара Амантай 15.03.2024 | 17:44
Фото: Қызылорда обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» қайырымдылық жобасы бастау алды.

«Жаздық жолдама» жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді.

Бүгін Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылында орналасқан 144 орта мектептің базасында өткен салтанатты шарада басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, үздік, белсенді оқушылар үшін «Жаздық жолдама» сертификаттарын табыстады.

Облыста 2023 жылы 600 ауыл оқушысына квота бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш екі еселеніп, 1 430 квотаға ұлғайды. Оқушылар өзге облыстағы сыртқы тынығу лагерлерінде тынығатын болады.

Еске сала кетсек, жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде, аудандарында аудан әкімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің және білім бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ мектеп басшыларының қатысуымен өтіп жатыр.

Ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған «Жаздық жолдама» жобасы – өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар коммуникация, көпмәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайту үшін таптырмас әдіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама