Қорғаныс министрі әскерлерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына шығарып салды

Дәурен Ерболат

Голан биіктігіне барлығы 139 әскери барады

Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилерді Голан биіктігіне шығарып салды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қаладағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қарулы күштердің бітімгерлік контингентін БҰҰ миссиясына шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

Қазақстанның бітімгерлік күштері Голан биіктігін күзетеді.

Айта кетейік, Голан биіктігі – стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі – Сирияға тиесілі. Қос мемлекет те жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді.

Бұған дейін қазақ әскерінің Оңтүстік Судан мен Таяу Шығысқа баратыны хабарланған еді. Сондай-ақ бітімгерлік миссияда қаза тапқан әскеридің отбасына 77 мың доллар берілетіні белгілі болды.