×

Елімізде күн күрт суытып, аяз күшейеді

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады

 Дәурен Ерболат 11.03.2024 | 13:13
Фото: AFP / Bulent Kilic

Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алдағы күндері елімізде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.

12 наурызда Павлодар және Қарағанды, ал 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде -10-20 градусқа төмендеп, аяз сынады. Күндіз ауа температурасы -2-10 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Оңтүстікте түнде ауа температурасы -2-12 градусқа дейін түседі, күндіз -6 градус суық, +2 градус жылы болады.

12 наурызда Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13, күндіз -6 градус суық.

Бұл күні Алматыда күн ашық болады. Түнде +4, күндіз +14 градус жылы.

Сондай-ақ Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +11 градус.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама