×

Ердоған өзінің саясаттан кететінін мәлімдеді

Ол 70 жасқа биылғы 26 ақпанда толған болатын

 Еркеғали Болатұлы 10.03.2024 | 13:27
фото: mirtesen.ru

31 наурызда өтетін муниципалды сайлау Режеп Тайып Ердоған қатысқан соңғы сайлау болмақ.

Оның өзі 2028 жылы болатын президенттік сайлауда социалистік-революциялық партия консерваторларының билікте қалатынына сенімді. Ердоған бұл туралы TÜGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді.

Осы орайда 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясының кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.

Бұл – менің соңғы сайлауым. Қол жеткізілген нәтижелер мен мұра менен кейін келетін бауырларыма өтетін болады, - деді Ердоған.

Айта кетсек, Түркияның қазіргі президенті 70 жасқа биылғы 26 ақпанда толған болатын. Қазақстан мен Түркия президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама