×

Бибісара Асаубаева Мәскеудегі шахмат фестивалінде 1-орын алды

Турнирге барлығы 500-ден астам шахматшы қатысқан болатын

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2024 | 14:40
фото: time.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде 1-орын алды.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, ол спортшы әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысты. Сонымен қатар турнирде 15 жасқа дейінгі қатысушылар да өнер көрсетті, – делінген федерация хабарламасында.

Сондай-ақ Бибісара Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын мына спортшылар қорғады:

  • Қазбек Нөгербек (18-орын);
  • Даниал Сәпенов (21-орын);
  • Рамазан Жалмаханов (38-орын);
  • Әлішер Сүлейменов (65-орын).

Турнирге барлығы 500-ден астам шахматшы қатысқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама