×

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Олар 26 наурыздан бастап әдеттегідей жұмыс істейді

 Дәурен Ерболат 06.03.2024 | 17:58
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың наурыздағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

8 наурызда Қазақстандағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

21-25 наурыз аралығында да орталықтар қазақстандықтарға қызмет көрсетпейді.

Дегенмен кезекші орталықтар 9 наурызда және 25 наурызда түскі сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

  • ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
  • кезекші орталықтар жұмыс күндері 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама