×

«Қазавтожол» 605 жүк көлігінен негізсіз ақы алған

Заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралып жатыр

 Динара Амантай 06.03.2024 | 16:24
Фото: Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас көлік прокуратурасының арнайы іс-шарасы арқасында жолдың ақылы учаскесінде кәсіпкерлерден қаражат алу тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесін талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқығын қорғады.

Атап айтқанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. Ақылы учаске Көкшетау арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдың 304-шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309-шақырымда орналасқан.

Пайдаланушыға ақылы автокөлік жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн. Мұндай жағдайда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 шақырым жол жүрудің құны 50 шақырымға тең болды.

Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңгеге 605 кәсіпкерге жол жүру үшін есептелген қаражат жойылды. Ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралып жатыр.

Сонымен қатар, прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін «абоненттік төлем» енгізу мәселесіне бастамашылық жасады. Ол профильді министрлікте қолдау тауып, келісу сатысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама