×

Қазақстанда адам саудасы бойынша соңғы үш жыл ішінде 283 адам сотталды

Құлдықтан құтылғаннан кейін адамдар қайтадан сауда нысанына айналуы мүмкін

 Халық үні 27.12.2021 | 14:34
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен адам саудасына қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда адам саудасы үшін жаза қатаңдатылған. Жәбірленушілер үшін біржолғы өтемақы қарастырылған, ал шетелдік құрбандар үшін елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі енгізілді. 2018 жылдан бастап адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 283 адам сотталды.

Құлдықтан құтылғаннан кейін адамдар қиындықтарға тап болады және қайтадан сауда объектісіне айналуы мүмкін. Сондықтан оларды медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызметтер пакетімен қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті Бас прокурор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама