×

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

 Халық үні 06.03.2024 | 07:36
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

 Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды. 

Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы — 12.6.
Магнитудасы — 5.4.

Тереңдігі — 10 шақырым. 

Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.  

Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама