×

Римма Волосенко бокс турнирінде 1/8 финалға шықты (ВИДЕО)

Қазір Асланбек Шымбергенов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы да жекпе-жекке дайындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.03.2024 | 16:30
Фото: Instagram.com/boxingkazakhstan/

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасынан 60 келі салмақтағы Римма Волосенко алғаш болып 1/8 финалға шықты. Ол екінші айқасында да жеңіске жетті.

Волосенко Мажарстанның 22 жастағы бокшысы Петра Сзабомен жұдырықтасып, барлық раундта өзінің мықты екенін көрсетті. Ол 1-раундтан бастап тізгінді қолына алып, қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Бәрі жақсы. Мақсатқа жету жолында бар күшімді саламын, – деді айқастан кейін Римма Волосенко.

Енді отандасымыз 6 наурызда 1/8 финалдың жекпе-жегіне шығады.

Бүгін тағы бір боксшымыз рингке көтеріледі. 71 келі салмақта команда капитаны Асланбек Шымбергенов фин боксшысы Сэм Мороватимен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек  шамамен Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Содан кейін 63,5 келі салмақтағы Мұхамедсабыр Базарбайұлы да турнирдегі тырнақалды жекпе-жегіне шығады. Ол Тринидад және Тобагоның өкілі Доннел Филипппен күш сынасады. Боксшылар рингке шамамен Астана уақытымен сағат 00:30-де көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама