×

Түркістан облысында нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған күдікті ұсталды

Ол әшекейді ломбардқа өткізіп жіберген

 Дәурен Ерболат 05.03.2024 | 16:10
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Күдікті базарда 2 баласымен бірге такси іздеп жүрген әйелді көрген.

Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы, 8 айлық сәбиі мен жол сөмкесі болған. Күдікті әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Ол жәбірленушіні таксиге дейін шығарып салар тұста нәрестенің құлағындағы алтын сырғасын білдіртпей шешіп алған. Содан кейін сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген.

Тәртіп сақшылары күдікті ұрлаған сырғаны тауып, заңды иесіне қайтарды.

Бүгінде әйелдің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама