×

Маңғыстау облысындағы дәріханада кері әсері күшті дәрілік зат рецептсіз сатылған

Сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды

 Динара Амантай 04.03.2024 | 10:52
Фото: pkzsk.info

Маңғыстау облысындағы дәріханалардың бірінде күшті әсер ететін дәрілік зат рецептсіз сатылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде тиісті лицензиясысы жоқ дәріхана қызметін іске асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау және «Тропикамид» дәрісін үлкен көлемде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша сатып алудың 55% көлемінде) рецептсіз сату деректері анықталды.

Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі («Лицензиялау нормаларын бұзу») және 426-бабының 1, 3-бөлігімен («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама