×

Олжас Бектенов президентке есеп берді

Үкімет басшысына бірқатар тапсырма берілді

 Дәурен Ерболат 01.03.2024 | 12:56
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары баяндалды.

Премьер-министр мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Ол қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру үшін мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.

Сонымен қатар президентке заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама