×

«Кеңес заманын еске түсіретін үйлерді бұзып тастаймыз» - Зеленский

Оккупанттардың шабуылынан  2229 көпқабатты үй бұзылып, 225 үй толықтай талқандалған

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2022 | 11:10
фото: times.kharkiv.ua

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері алғаш рет жұмыс сапармен азат етілген жерлердің бірі - Харьков қаласына барып, жергілікті билік орындарымен және әскерилермен кездесті.

Ол қираған қаланы аралап, қала басшылығымен кездесіп, қаланы қайтадан қалыпқа келтіру мәселесін талқылады. Одан кейін әскерилермен кездесіп, оларды мемлекеттік нагардалармен марапаттады.

Харьков қаласының әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов президент алдында баяндама жасап, оккупанттардың әскери шабуылынан қаладағы 2229 көпқабатты үйдің бұзылғанын, 225 үйдің толықтай талқандалғанын айтты.

Харьков қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде ықшам аудандардағы тұрғын үйлердің 30,2 пайызы қирағаны анықталды.

«Кеңес заманында салынған панель үйлер соғыстан қирап жатыр. Соғыс аяқталғаннан кейін панель үйлерді сүріп тастап, қазіргі заман талабына сай сапалы үйлер салуды ойластыруымыз керек. Бұл үшін қала әкімдігі қажетті ақшаны табатын болады. Мемлекет бұл бағыттағы жұмыстарға барынша қолдау көрсетеді», – деді Зеленский.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама