×

Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық қызмет атқарған

 Дастан Жұмабекұлы 29.02.2024 | 13:00
Фото: Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды.

Ол 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиялық ойынға қатысқан. 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, – деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Айта кетсек, Василий Левит 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама