×

Су спортынан АЧ: Қазақстанның қоржыны тағы алтын жүлдемен толықты

Командалық жарыста қыздар сары құрлық пен еліміздің рекордын жаңартты

 Дастан Жұмабекұлы 29.02.2024 | 10:30
Фото: Instagram.com/qaz_olympics/

Қазақстан спортшылары Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында тағы 2 алтын мен 2 күміс медальді жеңіп алды. Ал әйелдер құрамасы Азия мен Қазақстанның рекордын жаңартты.

Әуелі 100 метрге еркін әдісте жүзуде Софья Сподаренко мәреге бірінші болып келсе, ерлер жарысында Әділбек Мусин де жақсы нәтиже көрсетті. Ол Таиланд өкілінен небәрі 18 секунд қалып қойып, күміс жүлдені иеленді. Софья Сподаренко да әрең дегенде алтын медальға қол созып, мәреге бірінші жетті. Ол Тайпей спортшысын 9 секундқа артта қалдырды. Сподаренко 100 метрді 56.54 секундта жүзіп шықса, тайпейлік қарсылас 57.65 секундта келді. Ал одан екі-ақ секундқа қалып қойған тайлық спортшы қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Қазақстанның әйелдер құрамасы да ерледі. Құрамында Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко мен Диана Тасжанова А тобында аралас әдіс (4х100) бойынша өткен әйелдер эстафетасында Азия чемпионаты мен Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды. Олар Таиланд командасын 7 секунд артта қалдырды.

Қазақстан құрамасындағы 4 қыз кезектесіп жүзіп, 100 метрді 4 минут 10 секундта бағындырды. Ал Таиландтың нәтижесі – 4:17.20.

Ерлер командасы В тобында аралас әдіс (4х100) бойынша өткен эстафетада күміс жүлде иеленді. Команданың құрамында Алексей Крученко, Максим Сказобцов, Егор Василенко, Даниил Черепанов өнер көрсетті. Олар 100 метрді 4 жігіт болып, төрт рет 7 минут 41.08 секундта жүзіп, жапон спортшыларынан 10 секунд қалып қойды. Жапония 7:31.13 нәтиже көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама