×

Жамбыл облысында 300-ге жуық көлік жолда қалып қойды

Екі бағыт бойынша сүйемелдеп жүру ұйымдастырылып жатыр

 Динара Амантай 28.02.2024 | 09:09
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр. 

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. 

Қордай аудандық ПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама