×

Баскетболдан ұлттық құрама сырт алаңда Қатардан басым түсті

Қазақстан Азия Кубогының іріктеу кезеңінде Е тобында көш бастады

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2024 | 12:05
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Баскетболдан еліміздің ерлер құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Қатар командасын 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25) есебімен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

Ұлттық құрама сапында Антон Быков ең нәтижелі ойыншы болды. Ол торға 19 доп түсірді. Осыдан бірнеше күн бұрын Астанада Евгений Овсянников жаттықтыратын ұлттық құрама Үндістан командасын жеңген болатын.

Енді Қатарды жеңгеннен кейін Қазақстан Иранмен бірге Е тобында көш бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама