×

Елордада тұрғын өзгенің банк картасымен сауда жасаған

Ол кінәсін мойындады

 Дәурен Ерболат 27.02.2024 | 11:35
Фото: rod-storonatar.ru

Астана тұрғыны өзгенің банк картасымен сауда жасаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Елордалық азамат полицияға әкесінің банк картасынан ақша аударылғанын айтып арызданған. Мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған банк картасымен сауда жасаған 18 жастағы астаналық анықталды.

Полиция 60 жастағы қарияның банк картасын жоғалтып алғанын, оның телефонында ақшаны есептен шығаруға арналған мобильді қосымшасы болмағанын растады. Ақшасының жолғалғанын ол тек банкке қолма-қол ақша алу үшін барғанда білген.

18 жастағы жігіт жоғалған картаны 2 күн бойы пайдаланған. Ол 157 мың теңгені киім-кешек пен азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсап үлгерген.

Осы факті бойынша қылмыстық іс (Ұрлық) қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама