×

Қарағанды облысында гараж өртеніп, ер адам зардап шекті

Жоғары температурадан автокөліктің бояу қабаты зақымдалды

 Динара Амантай 27.02.2024 | 10:17
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында гараж өртеніп, ер адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін Шахтинск қаласында гараж массивіндегі гараждың ішінде 6 шаршы метр ауданда жиһаз жанды. Салдарынан жоғары температурадан автокөліктің бояу қабаты зақымдалды.

Сондай-ақ ТЖД күштерімен өрттен зардап шеккен ер адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Бұған қоса, далаға 2 газ баллоны шығарылды. Өрт толық сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама