×

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

Метеорологиялық жағдай қолайлы болады

 Дәурен Ерболат 26.02.2024 | 08:22
Фото: orda.kz

Бүгін еліміздегі 9 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

26 ақпанда Алматы, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Атырау,  Жезқазған, Балқаш қалаларында, сондай-ақ күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофактордың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама