×

Полицияға арыз беруге арналған мобильді қосымша шықты

Оның басты мақсаты – қылмысты азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу

 Дастан Жұмабекұлы 26.02.2024 | 16:16
Фото: qazaqstan.tv

Павлодар облысында «Ақсу тұмары» серпінді жобасының аясында Ақсу қаласында құқықбұзушылықты дереу хабарландыруға арналған Halyq Tumary мобильді қосымшасы шықты.

Бұл қосымшаның басты мақсаты – қылмысты азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу. Ақсу ауданының прокурорлары қосымшаны жасап шығарушылармен кездесіп, Halyq Tumary-ның  мүмкіндіктерімен танысты. Оны көпшілікке таныстыруды ұсынды, – делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қосымшаны жиі пайдаланатын адамға бонустық ынталандыру жүйесі қарастырылып та отыр.

Тесттік жұмыстар аяқталған соң, қосымшаны басқа да облыстарда ендіру жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама