×

Алматыда шам бағаны элементтерін ұрлау жиілеп кетті

Кей тіректерге «вандалға қарсы» шамдар орнатылады

 Динара Амантай 26.02.2024 | 15:38
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда сыртқы жарықтандыру тіректеріндегі қарау люктерін ұрлау көбейді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алматы Қала Жарық» МКК мәліметінше, осыған байланысты 2023 жылдың күзінен бастап шам бағанындағы 2 мыңнан астам люк ауыстырылған. Люк – шам бағанының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральдық кабельге қосылады. Олар желілерді жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Сонымен қатар, қаскүнемдер сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады. Соның салдарынан көшелерде тоқ болмай қалады.

Біздің бригадалар шақыртуларға шығып, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафындағы сымдардың кесілгенін, ажыратқыштардың сынғанын немесе алынып тасталғанын, басқа жабдықтардың ұрланғанын немесе бүлінгенін көреді. Мұндай фактілер, әрине, сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру үдерісін тежейді, – деді МКК басшысының орынбасары Вадим Макаров.

Қаскүнемдер торшерлі тротуар шамдарын да жиі сындырады. Осыған байланысты кей тіректерге «вандалға қарсы» шамдар орнатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама