×

Қарағандыда машина жасау зауыты өртеніп кетті (ВИДЕО)

Тілсіз жау бір сағаттан кейін өшірілді

 Дастан Жұмабекұлы 26.02.2024 | 10:00
Фото: https://t.me/qr_tjm

Төтенше жағдайлар министрлігі таңертең сағат 06:32-де Қарағандыдағы Әлихан Бөкейханов атындағы ауданда «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС аумағындағы цехтың шатырынан өрт шыққанын хабарлады.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге шұғыл жетіп, тілсіз жауды сағат 8:22-де өшірді.

Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 58 адам мен 16 техника жұмылдырылды.  

Сағат 7:52-де өрт сөндірушілер 400 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Кейін өрттің сағат 08:22-де сөндірілгені хабарланды.

Бұдан бұрын Қарағандыда өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуының алдын алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама