×

Қарағандыда өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды

ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 66 газ баллоны шығарылды

 Динара Амантай 24.02.2024 | 17:51
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлады Halyq Uni тлшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сағат 16:19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданда, автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Сөндіру қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сағат 16:48-де өрт локализацияланып, 16:59-да өрт сөндірілді. ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 66 газ баллоны шығарылды.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Содан кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама