×

УЕФА чемпиондар лигасы финалы кезінде полиция 68 адамды ұстады

Жеңіл дене жарақатын алған 238 жанкүйерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді

 Халық үні 29.05.2022 | 20:40
Фото: ашық дереккөздерден

Сенбі күні Чемпиондар лигасының финалы кезінде және одан кейін Париж полициясы Франция астанасының Сен-Дени маңындағы «Стад де Франс» стадионында болған тәртіпсіздік кезінде әртүрлі тәртіп бұзғаны үшін 68 адамды қамауға алды.

УЕФА мен Франция билігінің мәліметінше, Чемпиондар лигасының финалы алдындағы бейберекетсіздікке матчты көргісі келген мыңдаған адамның қолында жалған билеттердің болуы себеп болған. Стадионға кіреберістегі жанкүйерлердің көптігінен Чемпиондар лигасының финалы отыз минуттан астам уақытқа кешіктіріліп басталды.

Матч басталуына аз уақыт қалған кезде «Ливерпуль» жанкүйерлері үшін бөлінген мінберлер жағынан «Стад де Франс» кіреберісіндегі турникеттерді кіреберісте жұмыс істемейтін жалған билеттерді сатып алған мыңдаған көрермен жауып тастады. Матч басталғаннан кейін стадион сыртындағы адамдар саны арта бергендіктен, Париж полициясы оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды», - делінген билік мәлімдемесінде.

Жеңіл дене жарақатын алған 238 жанкүйерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасы финалында британдық «Ливерпуль» мен Испанияның «Реал Мадрид» командасы кездескен болатын. Нәтижесінде мадридтік клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама