×

«Реал» – Чемпиондар лигасының 14 дүркін жеңімпазы

Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты

 Халық үні 29.05.2022 | 10:21
Фото: ашық дереккөздерден

Париждегі «Стад де Франс» стадионында Чемпиондар лигасының финалы өтіп, жасыл алаңда ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» командалары кездесті.

Бастапқы құрамдар төмендегідей болды:

«Ливерпуль» – Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах

«Реал Мадрид» – Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.

Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты. Алайда, ливерпульдік шабуылшы Мұхамед Салах хет-трик жасайтын мүмкіндігі болды. Алайда, қарсыластың қақпашысы асқаш шеберлік танытты.

Сөйтіп, испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама