×

Илон Масктың интернет қондырғылары Қазақстанға жеткізіле бастады

Ол шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 12:00
фото: hvylya.net

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірге елге Starlink қондырғысының 500 данасы әкелінген.

Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан, Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі, – деп жазды Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министр ендігі 20 күн ішінде барлығы 2 мың жинақ келетінін алға тартып отыр. Олар елдегі 2 мың шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама