×

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа эскизі ұсынылды

Стадион УЕФА стандартына сәйкес 4 500 орындық, ойын алаңы 7 140 шаршы метр, өлшемі 105 метрден 68 метрге дейін болады

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2024 | 11:21
Фото: Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, оның орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту орнына толық демонтаж жасап, жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның жаңа эскизі дайын, –  деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Оның айтуынша, стадион жобасы УЕФА стандарттарының 3-санаты бойынша 4 500 орындық, ойын алаңы140 шаршы метр, өлшемі 105 метрден 68 метрге дейін болады. Қазір алдын ала жобасын дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Стадионның алдын ала жобасына келісім алғаннан кейін ол мемлекеттік сараптама порталына шығады. Стадион сол сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама