×

Оралда 50 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскен

Өнім беруші жалған актілер көрсеткен

 Динара Амантай 20.02.2024 | 13:58
Фото: Halyq Uni

Оралда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бюджет қаражаты талан-таражға түскен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен бөлінген 50 миллион теңгеден астам шығынды анықтады. Бұл факті мүмкіндігі шектеулі адамдарды автокөлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді тексеру барысында белгілі болды.

Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші сағат санын және көрсетілетін қызметті алушылардың санын асыра көрсету арқылы көрсетілген қызметтердің жалған актілерін ұсынған. Осылайша, ол бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқты.

Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама