×

Келесі қысқы Азия ойындарының қай қалада өтетіні белгілі болды

7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді

 Халық үні 19.02.2024 | 23:57
фото: qov.kz

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, сары құрлықтың келесі Азиада 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді. IX бәсекенің ұраны:«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама