×

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды

Ол Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі

 Халық үні 19.02.2024 | 19:10
Айбол Арынғазинов, фото: qov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ұжымға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры болып тағайындалған Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлын таныстырды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы Жетісу облысында дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қаласы) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары «Қазконтент» АҚ бөлім басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі болған.

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама