×

Еліміздің сегіз облысында 19 жол жабылды

8 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

 Халық үні 18.02.2024 | 21:50
фото: el.kz

18 ақпан сағат 21.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында — 5 автожол, жалпы ұзындығы 1314 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Павлодар обл.-Қалбатау а. (дизельді қозғалтқыштармен жарақтандырылған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін) Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік үшін), Бұғаз а.-Шығыс Қазақстан обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін);

Дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін:

2. «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» — Аягөз қ.-Бұғаз а.;

3. «Алматы-Өскемен» — Жетісу обл. шек-Шығыс Қазақстан обл. шек;

4. «Таскескен-Бақты» — Таскескен а.-Үржар а.;

5. «Өскемен-Семей» — Семей қ.- Шығыс Қазақстан обл. шек.

Алматы облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 15 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 7 автожол, жалпы ұзындығы 1268 км (қар, боран, шектеулі көрініс)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Абай обл. шек — Зайсан қ. (барлық көлік үшін).

2. Облыс бойынша, барлық бағыттар бойынша (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін)

Жамбыл облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Алматы — Ташкент-Термез» Кенен-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін);

Жетісу облысында 2 аатлжол, жалпы ұзындығы 158 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс, Абай облысы ауа-райының нашарлауына байланысты)

1. «Үшарал-Достық» — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

2. «Алматы-Өскемен» — Үшарал бұрылысы-Абай обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін)

Қостанай облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Павлодар облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 160 км (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Омбы-Майқапшағай» -Кенжекөл к.-Абай обл. шек (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. (барлық көлік үшін)

«Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 249 бірлік техника және 374 адам жұмылдырылды», — деп жазды ҚазАвтоЖол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама