×

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілер үшін ауа райының толыққанды картасын жариялады

Ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерген маңызды

 Еркеғали Болатұлы 18.02.2024 | 13:05
фото: видеодан скриншот

«Қазавтожол» Қазақстандағы облыстық және республикалық маңызы бар жолдардағы ауа райы көрсетілген картаны шығарды.

Ведомство мәліметінше, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау облыстарында қатты аяз -35-38 градус, жел 15-20 м/с-ке дейін сақталады.

Түркістан облысында қар жауады.

Қызылорда және Жетісу облыстарында жел 25-28 м/с-ке дейін жетеді.

Алматы облысында аяз -25 градусқа дейін болжанады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - деп хабарлады жолдардың ұлттық операторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама