×

Facebook-те рұқсатсыз жарияланған суреттің иесі желі қолданушысын сотқа берді

Әлеуметтік желідегі жарияланымды жою міндеттелді

 Динара Амантай 17.02.2024 | 14:34
Фото: newizv.ru

Атырау қалалық сотында әлеуметтік желіде бейнеленген жарияланымдарды жоюды міндеттеу, моральдық зиянның орнын толтыру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талап қоюшы жауапкердің интернеттегі Facebook әлеуметтік желісі арқылы өзінің келісімінсіз суретін заңсыз жариялағанын көрсеткен. Ол жауапкердің оның жеке өміріне заңсыз араласқанын айтты. Ол өз3нің бейнесі бейнеленген жарияланымдарды жоюды, 200 мың теңге көлемінде моральдық зиянның орнын толтыруды сұрады.

Сот желі қолданушы талап қоюшының суретін пайдаланып, оның келісімінсіз жарияланым орналастырғанын анықтады. Суреттер заңсыз жолмен алынуына байланысты талап қоюшының құқығы бұзылды деп есептеді. Сот, сондай-ақ жауапкердің әрекеті талап қоюшыға теріс әсер етіп, моральдық азап әкелді деген қорытындыға келді, – делінген сот хабарламасында.

Осыған байланысты жауапкерден талап қоюшының пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот жауапкерге «Facebook» әлеуметтік желісінен талап қоюшы бейнеленген жарияланымды жоюды міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама