×

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 17-19 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.

 Халық үні 17.02.2024 | 07:45
Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК 17-19 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды суық және қарсыз арктикалық антициклон анықтайды. Онымен бірге аяз сақталады, тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар күтіледі, таулы аймақтарда қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады.  

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температуралық фон түнде 30-38, күндіз 20-28 аяз күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25-ке дейін, тауларда 30-35 аяз, күндіз 10-25 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама