×

Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)

Ол 29 ақпанда Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2024 | 11:09
Фото: Instagram.com/angelina_lukas1997/

Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады.

Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым – таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқой рингтегі рекорды – 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл – карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі бірнеше рейтингтік кездесулерден кейін әлем чемпионы титулдары үшін шаршы алаңға шығамын. Сондықтан менің міндетім – абсолютті әлем чемпионы болу үшін мықты қарсыластарға дайын болу! – деді боксшы.

Лукас соңғы жекпе-жегін 31 қаңтарда Бакудегі бокс кешінде өткізген. Оның қарсыласы 24 жастағы пәкістандық Рома Юсуфқа болды. Лукас жекпе-жектің бірінші раундында нокаутпен жеңіске жетіп, WIBA чемпионы атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама