×

Полицейлер жол апаттарының алдын алу бойынша ерекше әдіс ойлап тапты

Полицейлердің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таңғалдырды

 Динара Амантай 16.02.2024 | 09:46
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Ордабасы ауданында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша ерекше акция өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. Полицейлердің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таңғалдырды.

Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет, – деді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама