×

Елімізде 18 тасжол учаскесі жабылды

Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1 475 жолшы жұмылдырылды

 Еркеғали Болатұлы 15.02.2024 | 16:37
фото: gov.kz

Қазақстандағы 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

15 ақпанда сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

  • Абай облысында – 2 учаске (177 шақырым)
  • Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым)
  • Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым)
  • Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым)
  • Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым)
  • Қостанай облысында – 1 учаске (83 шақырым)
  • Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым)
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске (249 шақырым)
  • Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым)
  • Ұлытау облысында – 1 учаске (115 шақырым) жабық.

«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1 475 жолшы жұмылдырылып отыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама