×

Теміртауда 2 қабатты дүкенде газ жарылды

Үйінді астынан тірі қалған бір әйел шығарылды

 Динара Амантай 15.02.2024 | 09:28
Фото: видеодан скриншот

Теміртауда 2 қабатты дүкенде газ жарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін сағат 8:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде орналасқан 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер барған уақытта ғимараттың толық қирап, жанғаны анықталды.

Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуге кірісті.

ТЖД базасында және сол жерде жедел штабтар орналастырылған. Жедел желі телефоны ұйымдастырылды: 51-72-23. Психологиялық көмек көрсету үшін жергілікті жерде ТЖД психологтары жұмыс істейді. Барлығы 177 адам және 38 техника жұмылдырылды.

Сағат 8:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Ол Теміртау қалалық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы күрделі деп бағаланып отыр. Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Сағат 9:08-де 40 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама