×

«Дайрабевтан үлгі алыңыз!» - Қошанов маскасыз отырған депутатқа ескерту жасады

Бүгінде Парламенттің төменгі палатасына маска тағып кіру керек

 Дәурен Ерболат 14.02.2024 | 11:13
фото: видеодан скриншот

Таяуда ғана коронавирус жұқтырып алған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі отырыста маска тақпаған депутат Руслан Берденовке ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Маскалық режимнің депутат Руслан Берденовке де қатысы бар. Жаныңызда отырған депутат Жигули Дайрабаевтан үлгі алсаңызшы! Коронавирус жас-кәріге қарамайды, - деді төраға Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың COVID-19 жұқтырғаны хабарланған еді. Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама