×

Мәжілістен мандатын тапсырып, үшінші депутат кетті

Жаңадан келген депутат ант берді

 Дәурен Ерболат 14.02.2024 | 10:25
фото: Halyq Uni

Бүгін Мәжілісте мандатын тапсырып, үшінші депутат қызметінен кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің 8-шақырылымында мерзімінен бұрын мандатын тапсырған бірінші депутат – Ғалымжан Елеуов (AMANAT партиясы). Ол Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Екінші депутат – Динара Шүкіжанова (Respublica партиясы). Ол мандатын өз еркімен тапсырып, ауыл шаруалышығы техникасын шығаратын «Агромашхолдинг» кәсіпорнын басқаратынын айтқан.

Үшінші депутат – Мәди Такиев. Ол президенттің Жарлығымен Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сондай-ақ Парламенттің төменгі палатасына жаңа депутат келді. 

Respublica партиясынан Қошманбетов Айтуар Асқарұлы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты болып тіркеліп, біздің қатырымызға қосылды, - деді палата төрағасы Ерлан Қошанов.

Содан кейін жаңадан келген депутат ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін!» - деді Айтуар Қошманбетов. 

Айта кетейік, бүгінде Мәжілісте барлығы 98 депутат бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама