×

32 градус аяз, боран, көктайғақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

 Халық үні 12.02.2024 | 21:42
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

«Қазгидромет» РМК13-15 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.

13-14 ақпанда фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік өңірлерде қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ құбылыстары күтіледі, сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 аяз -5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 аяз-2 жылыға дейін жоғарылайды. 15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді, ол аязды республиканың солтүстік жартысына қайтарады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама