×

Он екі өңірде ескерту жарияланды

11 ақпанда Астанада тұман түсуі ықтимал. 

 Халық үні 10.02.2024 | 19:50
Фото: Астана ТЖД

Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

11 ақпанда Астанада тұман түсуі ықтимал. 

Ұлытау, Қарағанды ​​облыстарында, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында қар жауады, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысында да көктайғақ болады. Тұман түседі деп болжанды.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Жетісу өңірінде боран күтіледі. 

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар араласы жаңбыр жаууы ықтимал. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама