×

Степногорск ЖЭО-дағы жылу өндірісін тоқтатуға қатысты тексеру жүргізіледі

Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ

 Динара Амантай 10.02.2024 | 16:25
Фото: jkh_stepnogorsk

Степногорск ЖЭО-дағы жылу өндірісін азайтуға қатысты Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «KEGOC» АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтқан. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ.

Қазір жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кетті. Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.

Бұл факті бойынша Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады, делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама