×

Бірқатар бағыттарда жеңіл көліктерге жолдар ашылып жатыр

Жолды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

 Динара Амантай 10.02.2024 | 14:45
Фото: видеодан скриншот

Бірқатар бағыттарда жеңіл көліктерге жолдар ашылып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазавтожол» АҚ-ның мәліметінше, Қостанай-Қызылорда, Шымкент (Ақтөбе қ.кірмей) бағытында қозғалысқа рұқсат етілген. Қостанай филиалының қызметкерлері Қостанай мен Қызылорда, Шымкент қалалары арасында көлік қозғалысын ұйымдастырды.

Алайда, Ақтөбе облысындағы ауа-райының құбылмалы болуы себебінен, Ақтөбе қаласына кіруге уақытша шектеу қойылған.

Ведомство қызметкерлері тәулік бойы жол тазалап, автокөліктерді қар құрсауынан құтқарып, жеңіл көлік қозғалысына рұқсат берді. Қазір қозғалыс арнайы колоннамен ұйымдастырылған. Хромтау-Ақтөбе бағытындағы колоннада 250 көлік, Ақтөбе-Хромтау бағытында - 200 көлік.

Сондай-ақ, «Самара-Шымкент» автожолының 842-965 км Хромтау-Қарабұтақ бағыты бойынша жеңіл көліктерге жол ашылды.

Жолды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Осы сәтте жол жабынын қардан тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Қоғамдық және жүк көліктердің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілген.

Колоннаның қозғалысы үшін арнайы жол техникасы мен жергілікті полиция қызметі көмек көрсетеді. Колонна реттілігін бұзбауды, басып озбауды және қауіпсіз ара қашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама