×

Еліміздің 10 облысында жолдар жабық

48 учаскеде жол қозғалысына шектеу енгізілді

 Динара Амантай 09.02.2024 | 12:00
фото: alataunews.kz

Бүгін сағат 10:30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  • Абай облысында – 1 учаске;
  • Ақмола облысында – 14 учаске;
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;
  • Қарағанды облысында – 5 учаске;
  • Қостанай облысында – 7 учаске;
  • Қызылорда облысында – 1 учаске;
  • Павлодар облысында – 4 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;
  • Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 техника және 864 жолшы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама